"Солнышко" балабақшасында "Музыкалық дүкен" атты ашық сабақ өтті. Сабақты музыкалық жетекшісі Е. Н. Трубицкая өткізді.
Орта топпен өткізілген сабақта балалар музыка залына жақсы көңіл күймен, көңілді әуенмен кірді. Сабақтың басында күтпеген жағдай , Музыка Перісінен хат келді. Пері балаларды жақында ашылған музыкалық аспаптар дүкеніне шақырады. "По дорожке мы идем" әнімен балалар дүкенге барды. Дүкенде балалар музыкалық аспаптардың алуан түрін көрді , олардың арасында жұмбақтары бар сиқырлы қорапша болды.
Кейбір аспаптармен "Музыкалық жаңғырық", "Әуенді тап", "Бубен және погремушка"сияқты ойындар өткізілді. Балалар қуана қатысып, жұмбақтар шешті,тыңдаған музыканың сипатын анықтады. Сабақта қуанышты көңіл көншітерлік атмосфера орнап, балалар өте риза болды.