Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Родина ауылының "Солнышко" бөбекжайы" Мемлекеттік Коммуналдық  Қазыналық Кәсіпорыны
Государственное Коммунальное  Казенное Предприятие "Ясли-сад «Солнышко» села Родина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Белгісіз ғаламшарға қонаққа" атты ашық сабағы

28.11.2019

Балабақшада "Белгісіз ғаламшарға қонаққа" атты ашық сабағы өтті. Сабақты психолог Тасбулатова Р. З. өткізді.
Сабақ "Звездочка" жоғарғы тобымен өткізілді. Сабақ ғарыштық дауыстық хабарламалармен және жарқын слайдтармен сүйемелденді. Сабақтың басында балаларға ғарыштан көмек сұраумен дауыстық хабарлама келді, өзге ғаламшарлықтар жер тұрғындарын қамауға алыпты. Ғарышқа бару үшін, балалар геометриялық фигуралардан зымыранды жинап, үлкен, мықты зымыран пайда болды және белгісіз ғаламшарға ұшты. Жолда зымыранға метеорлы жаңбыр шабуыл жасады, балалар ерекше материал "қызыл тастармен" алақанға массаж жасады.
Балаларды ғарышта мейірімді, жасыл лунатиктер қарсы алды. Лунатиктер балалармен бірге көңілді физминутка орындады, "Санды ата" дидактикалық ойынын ойнады, "Көлеңкеңді тап"ойынымен жұмыс істеді. Балалар барлық тапсырмаларды орындаған кезде, қамаудағылар босатылды. Олар балаларға көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, зымыранда балаларға тосынсый қалдырды. Балалар мен қонақтарға сабақ өте ұнады

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст