04.05.2022
2022 жылдың 28 сәуірінде Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Родина ауылының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім беру мәселелері бойынша, МАРБЛС тастарын қолданып шеберлік сабағы мен Республикалық семинар өтті.
Семинарға аудандағы мемлекеттік және жеке балабақшалардың педагогтары, аудандық білім бөлімінің инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Әскербек А.Б., сондай-ақ Нұр-Султан қаласының Республикалық әдістемелік орталығының директоры Байсенова Г.Т. қатысты. Семинарда меңгерушінің м.а. Кравчук Т.Н. МАРБЛС тастарын қолдану және енгізу тәжірибесімен бөлісті және «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста МАРБЛС тастарды қолдану» презентациясымен сөз сөйледі. Тәрбиешілердің шеберлік сынаптары көрсетілді: Чулкова О.А. «Цыпленок» ортаңғы тобының балаларымен «Қуыршақ Катя балаларға қонаққа барады» атты сабағы. Берг Ю.Ю. мектепке дейінгі дайындық тобының балалармен «Сыйқырлы тастар аралына саяхат» атты сабағы өтті. Семинар соңында Нұр-Султан қаласының Республикалық әдістемелік орталығының директоры Байсенова Г.Т. сөз сөйледі және семинарға қатысушыларға сертификат пен МАРБЛС тастарын табыс етті.