Текст
Жоба аясында салынған мектептер бұрынғы жылдардағы типтік ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың жалпы ауданы 15-20 пайызға, ал техникалық жарақтандыру деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM зертханалары, хореография кабинеттері, коворк-аймақтар және төртке дейін спорт залдары бар.
Жалпы ұлттық жоба бойынша 460 мың оқушы орыны бар 217 мектеп салу жоспарланған.